"АВИС" компаниясы, елдің барлық аймағында таралған үлкен желі мен сенімділік қағидатын сақтай отыра жабдықталған автопарктің арқасында, өз клиенттеріне автокөліктерді жалға алу бойынша толыққанды қызметті қуана отыра және рахаттана ұсынады. Автокөліктерді бромдауға түскен сұранымдардың әрқайсысы біздің кеңселер мен бромдау орталықтарына түсетініне кепілдік береміз. Сіз үшін автокөлікті жалға алу мерзімінің ішінде бұдан да зор жайлылықты қамтамасыз ететін қосымша қызмет көрсету өнімдері (Навигация қызметі, Жылдам Жүру Жүйесі (HGS), балаларға арналған орындық және т.б.) Сіздің назарыңызға КҚ жалға алуды рәсімдеу кезінде біздің кеңселерде қосымша ақыға ұсынылады.
Автокөліктерді тәулікке жалға алу қызметін пайдалану үшін Сіз Бромдау орталығына +7 727 262 24 53 телефоны бойынша немесе www.avis.com.kz сайтындағы Бромдау қызметі арқылы хабарласа аласыз, сонымен қатар, Сіз автокөліктерді жалға беру кеңселерінің кез-келгеніне келіп, қажетті ақпаратты ала аласыз, және автокөлікті бромдауға мүмкіндік аласыз. Жалға беруді рәсімдеу кезінен бұрын бромдауды рәсімдеу Сіз таңдаған автокөлігіңізді жалға алуға кепілдікті қамтамасыз етеді.
Автокөлікті жалға алушы тұлғалар 21 жастан жас болмаулары тиіс және А, В, N, F және I дәрежедегі көлік құралдарын жүргізу құқығына ие болатын, 1 (бір) жылдан кем емес мерзімге жарамды жүргізуші куәлігі болуы тиіс. G,H,O,M және D дәрежедегі КҚ жүргізуге рұқсат беретін жүргізуші куәліктері үшін, жарамдылық мерзімі 2 жылдан кем ал жүргізуші жасы 25 жастан жас болмауы керек; сол сияқты J,E,C,P,L және K дәрежедегі КҚ жүргізуге рұқсат беретін жүргізуші куәліктері үшін, жарамдылық мерзімі 3 жылдан кем ал жүргізуші жасы 27 жастан жас болмауы керек. 21 жасқа жету шартын міндетті түрде сақтағанда, төменірек немесе жоғарырақ дәрежедегі автокөлікті жалға беру рұқсат етіледі, бірақ жас жүргізуші алымы төленеді. Жас жүргізуші алымы жайлы ақпаратты Сіз Бромдау орталығында (тел.: +7 727 262 24 53) бойынша ала аласыз.
Автокөлікті тәулікке жалға берудің ең аз мерзімі - 24 сағат, ал айлап жалға берудің ең аз мерзімі - 30 күн.
Жалға беру құнына КҚ автокөлік жорығын шектеусіз пайдалану құқығы, КҚ зақымданулар мен ұрлап кетуді сақтандыруды өтейтін және 12% мөлшерлемесі бойынша ҚҚС соммасы қосылған. Жанармай құны, Қайғылы оқиғадан сақтандыру, Болмашы зақымданулардан сақтандыру, Қосымша материалдық жауапкершілікті сақтандыру, бір жаққа КҚ жалға алудың құны, Автокөлікті алып келу/ қайтару үшін айдау (0 ден 26 км) құны, Балаға арналған орындық құны, Навигациялық құрылғыны орнату құны, Қосымша жүргізуші жалдау құны, Көпірлер мен жеке автомагистральдардан өтуге пайдаланатын карточкаларды қолдану құны автокөлікті жалға беру құнынан бөлек есептеледі. КҚ клиентке жанармай багы толығымен толтырылып беріледі. КҚ жарты немесе бос бакпен қайтарылған жағдайда, клиенттен қызмет көрсету құнымен бірге жанармай көлемінің айырмашылығының құны алынады. Бір айда КҚ ең көп рұқсат берілетін жорығы автокөліктің дәрежесіне қарай 3000-4000 км шегінде өзгереді, соған орай, КҚ тобына қарай жорықтың лимитін асырған үшін төлем соммасы да өзгереді. Осы туралы көбірек ақпаратты біздің автокөліктерді жалға беру кеңселерімізде ала аласыздар.
Егер клиент автокөлікті бір қаладан алып, басқа қалада жалға берсе, Авис компаниясында мұндай жағдайларда алынатын Бір жаққа жалға беру ақысы қарастырылған. Мұндай төлем мөлшерлемелері компанияның әр кеңселерінде әр түрлі болады, толық ақпарат біздің КҚ жалға беру орталықтарында ұсынылады.
Қажет болған жағдайда КҚ жалға алушыдан басқа тұлға/тұлғалар басқару үшін, аталмыш шарт қосымша жүргізушінің жүргізуші куәлігінің деректерін көрсете отыра Келісімшартта қарастырылуы қажет, және бұл жағдайда қосымша төлем алынады. Егер аталмыш шартты Келісімшартта көрсетпей КҚ басқа тұлға айдау фактісі анықталса, және/немесе жалған алған КҚ басқа жүргізуші айдаған кезде жол апатына түссе, клиенттің барлық сатып алған сақтандыру түрлері жойылып, барлық біріккен және жеке жауапкершілік КҚ жалға алушы мен сол кезде КҚ айдаған тұлғаға өтеді. Баға шарттары мен толық ақпаратты біздің компанияның Автокөліктерді жалға беру орталығында ала аласыз (Бұл ретте қосымша жүргізушіге Жүргізуші куәлігі мен жас шектеулері шарттары қолданылады).
Клиентке қала ішіндегі және ірі аудан орталықтарында орналасқан Авис компаниясының кеңселерінен автокөліктерді жеткізу, және автокөлікті клиенттен қайта компания кеңсесіне жеткізу қызметі клиенттің автокөлікті жеткізу жерінің сол қалада немесе сол аудан орталығында болу шарты мен кеңсенің нақты мүмкіншілігіне байланысты (0 ден 26 км) тегін жүзеге асырылады. Алайда, автокөлікті Авис компаниясының кеңселері жоқ қалалар мен қала сырты мен аудандарға жеткізу мен автокөлікті кеңсеге қайта жеткізу бөлек ақыға жүзеге асады. Толық ақпаратты Сіз біздің Автокөліктерді жалға беру орталықтары мен Сату кеңселерінен ала аласыздар. Бромданған автокөлікті клиентке КҚ оның орналасу орнына жеткізу арқылы жүзеге асады, автокөлікті тапсыру кезінде автокөлікті жалға беру құны алынады. Сондай-ақ КҚ клиентке тапсырған кезде, 50.000 теңге көлеміндегі депозиттік жарна төленеді. Компания кеңсесіне КҚ қайтару кезінде автокөлікте ешбір зақымданулар мен автокөлікке жазылған айыппұлдар болмаса, депозиттік жарнаның көрсетілген соммасы клиентке қайтарылады.
Жалға алған көлік құралын қайтаруды 3 сағатқа дейінгі мерзімге кешіктіріп алса, әр өткен сағат үшін келісімшарт бойынша жалға беру құнының 1/3 бөлігі төленеді, ал 3 сағаттан көп мерзімге кешіктірсе – жалға берудің толық бір күндік құны алынады.
Жалға берудің толық құны мен сақтандыру құны КҚ жалға алушы тұлғаға тиесілі несиелік картадан алдын ала төлеу шарты бойынша жалға беру мерзімінің басында төленеді. Егер жалға беру мерзімінің соңында берілетін шот-фактурада көрсетілген соммадан айырмашылық болса, онда ол сомма клиенттің несиелік картасынан алынады немесе қайтарылады. Автокөлікті жалға беруді рәсімдеу кезінде несиелік карта иесінің болуы міндетті. Басқа тұлғаның несиелік картасын қолдана отыра автокөлікті жалға алу мүмкін емес. Клиентпен берілген несиелік картадан жалға берудің құнына қосымша 50.000 теңге көлеміндегі депозиттік жарна алынады, немесе картадан алдын-ала осы сомма бұғатталады. Осыған орай, несиелік картаның шотында жоғарыда көрсетілген соммаларды төлеуді жүзеге асыру үшін (жалға беру құны мен депозиттік жарна) немесе бұғаттау амалдарын жүргізуге қажетті қаражат болуы тиіс. Депозиттік жарна ретінде алынған немесе бұғатталған сомма жалға беру мерзімі аяқталғаннан кейін егер мұндайлар болса, қосымша қызметтерге, сақтандыруға, жанармайға, КҚ зақымдаған үшін, айыппұлдарды өтеу үшін және басқалар үшін төленетін төлемдерді ұстап қалғаннан кейін сол несиелік картаға қайтарылады немесе сол соммалар бұғатталудан алынады.
Қолданыстағы Жол жүру ережелерін бұзу үшін жауапкершілік пен ЖЖЕ бұзған үшін төленетін айыппұлдарды төлеуге клиент жауапты. Біздің компанияға жалға беру мерзімі аяқталғаннан кейін мәлім болған автокөлікті жалға алу мерзімінде ЖЖЕ бұзу, көпірден және/немесе ақылы жылдам жолдан заңсыз өту үшін жазылған айыппұлдар соммасы міндетті түрде автокөлікті жалға алу келісімшартында көрсетілген жеке тұлға немесе заңды тұлғадан алынады. Қолданыстағы Жол жүру ережелерін бұзу үшін жауапкершілік пен ЖЖЕ бұзған үшін төленетін айыппұлдарды төлеуге клиент жауапты. Жалға алынған автокөлік қандай да бір себептермен мемлекеттік органдармен немесе жергілікті орындаушы билікпен тыйым салынған/ұсталған мерзім КҚ жалға беру келісімшартындағы ортақ мерзімге енгізілген болып есептелінеді.
Көлік құралын әуежайға тапсыру мен қайтару тегін жүзеге асады.
Ел сыртында көлік құралдарын бромдауға сұранымдар, сондай қажеттілік туындаған жағдайда, АВИС компаниясының Бромдау орталығымен +7 727 262 24 53 телефоны бойынша қамтамасыз етіледі. Құны туралы ақпаратты Сіз біздің Бромдау орталығымызға хабарласу арқылы біле аласыздар.
Кез-келген жол апаты болған жағдайда, көлік құралының орнын ауыстырмай Жол-көлік оқиғасының протоколын рәсімдеу керек, немесе жақын жердегі полиция бөліміне Жол-көлік оқиғасының протоколын, КҚ ұрлау протоколы рәсімдеу және алу және КҚ мас болып айдау дерегін куәландыру үшін бару керек, содан кейін міндетті түрде біздің компанияның мамандарына тәулік бойы жұмыс істейтін Кешенді қолдау қызметіне +7 778 777 70 71 нөмірі бойынша хабарласып айту керек. Автокөлікті ұрлап кеткен жағдайда жақын жердегі полиция бөліміне хабарлап, біздің компанияның мамандарына тәулік бойы жұмыс істейтін Кешенді қолдау қызметіне +7 778 777 70 71 нөмірі бойынша хабарласып айту керек. Олай болмаған жағдайда, клиенттің барлық сатып алған сақтандырулары жарамсыз деп саналады, ал үшінші тараптарға келтірілген мүліктік және мүліктік емес зиянды өтемақылардың кез-келген түрдегі зақымы көлік құралын жалға алған тұлға есебінен төленеді. Жалға алған автокөлік бұзылып қалған жағдайда, немесе сондай себептер бойынша техникалық қолдау қажет болып жатса, көмек алу мақсатымен тәулік бойы жұмыс істейтін қолдау қызметіне +7 778 777 70 71 нөмірі бойынша хабарласуға болады.
- Өтінеміз, көлік құралын жалға беру мерзімінің басында қабылдап алу мен оны жалға беру мерзімінің соңында қайта тапсыру кезінде дұрыс толтырылған Автокөлікті тапсыру - алу үлгісіне екі тарап та қол қойғандығына көз жеткізіңіз,
- Жалға беру мерзімін созу, КҚ қайтару мерзімін анықтау / өзгерту үшін, аталмыш автокөлікті жалға алған кеңсеге жолығуыңызды өтінеміз. - Жалға алған автокөлік жалға беру мерзімі ішінде апатқа ұшырағанда, бұзылып қалған жағдайда, немесе сондай себептер бойынша техникалық қолдау қажет болып жатса, көмек алу мақсатымен тәулік бойы жұмыс істейтін Кешенді қолдау қызметіне +7 778 777 70 71 нөмірі бойынша хабарласуыңыз қажет.
- егер жалға алған автокөлікті пайдалану кезінде автокөлік техникалық байқаудан өтуі тиіс автокөлік жорығы шегіне жетсе, көлік құралын кейін қауіпсіз пайдалану мақсатында Кешенді қолдау қызметіне хабарласыңыз.
- Екінші тұлғаның қатысуынсыз жол апаты болған жағдайда, сонымен қатар жалға алған көлік құралын ұрлап кеткен жағдайда, ең бастысы көлік құралының орнын ауыстырмай жақын жердегі полиция бөліміне Жол-көлік оқиғасының протоколын, КҚ ұрлау протоколы рәсімдеу және алу және КҚ мас болып айдау дерегін куәландыру үшін бару керек.
Егер төмендегілерді қоспай екі тұлганың қатысуымен болған жол апаты болса, жүргізушілер ЖКО сипатына байланысты, материалдық зиян келтірумен орын алған ЖКО мән-жайын анықтау протоколын тиісті түрде толтырулары қажет. Тек қана төменде көрсетілген екі және одан да көп тұлғалардың қатысуымен болған апаттарда ЖКО протоколы ГАИ қызметкерлерімен толтырылады.
- КҚ жүргізуші куәлігінсіз басқару,
- КҚ кәмелетке толмаған тұлғаның басқаруы,
- Жүргізушінің мас болу немесе психикалық ауытқулардың болу күдігі,
- Егер ЖКО қатысқан бір КҚ мемлекеттік органдарға тиесілі болса,
- ЖКО салдарынан мемлекеттік меншікке зақым келтірілсе,
- ЖКО салдарынан үшінші тұлғалардың мүлкіне зақым келтірілсе,
- Егер ЖКО қатысқан бір КҚ сақтандыруы рәсімделмесе,
- ЖКО салдарынан адамдардың денсаулығына және/немесе өміріне қауіп төнсе.
>
Төменде сақтандыру мен кепілдіктерге байланысты ережелер сипатталған. Анықтама жалпы анықтамалық сипатқа ие. АВИС компаниясы келтірілген ақпараттардың мазмұнын өзгерту құқығына ие. Бромдаудың жалпы құнына кіретін сақтандыру бөлімдері коммерциялық ұсыныста және/немесе КҚ бромдау сұранымын растауда көрсетілген. КҚ жалға беру құнына кірмеген сақтандыру түрлері, КҚ жалға алу мерзімінің басында біздің сату кеңселерімізде қосымша ақыға рәсімдей аласыздар. Сондай-ақ біздің сату кеңселерімізде Сіз қолданыстағы лимиттік шектеулер туралы егжей-тегжейлі ақпараттар ала аласыздар.
Қосымша материалдық жауапкершілікті сақтандыру (LI- SLI) : Үшінші тұлғаларға зақым келтірілген жағдайда жауапкершілікті сақтандыру. Шағын зақымданулардан сақтандыру (SCDW) : АВИС компаниясы тарапынан анықталған соммадан төмен бағаланған шағын зақымдануларды жөндеуді қамтамасыз ететін клиенттің өтінімі бойынша рәсімделетін сақтандыру. Қайғылы оқиғадан сақтандыру (PAI) : Жалға алынған автокөліктің жүргізушісі мен жолаушыларын сақтандыру лимиттерінің шегінде қайғылы оқиғалардан сақтандыру. КҚ ішіндегі отыруға арналған орындар санына байланысты есептеледі.
ЖОҒАРЫДА КӨРСЕТІЛГЕН БАРЛЫҚ АНЫҚТАМАЛАР ТЕК ҚАНА ЖАЛПЫ АНЫҚТАМАЛЫҚ СИПАТҚА ИЕ. ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ ҮШІН БІЗДІҢ АВТОКӨЛІКТЕРДІ ЖАЛҒА БЕРУ ОРТАЛЫҚТАРЫНА ХАБАРЛАСЫҢЫЗДАР.