Алматы Автокөліктерді Жалға Беру

Өту Алматы Автокөліктерді Жалға Беру


Алматы —ғасырлық тарихы бар қала, Қазақстанның астанасы Алматы (Алма-Ата) болған кезінде Совет кезеңі айтарлықтай елеулі кезеңі болған қала. Алматы бүгін елдің мәдени, саяси, қаржы, ғылыми және өндірістік орталығы және ірі көлік торабы болуды жалғастырып келеді. Жаңа материалдар мен технологияларды қолдана отыра ойын-сауық орталықтарды, гольф-клубтарды, кеңсе ғимараттарын, супермаркеттерді, бизнес-орталықтарды және заманауи тұрғын үйлерді қарқынды салу қаланың келбетін біртіндеп жаңартып келеді.

Алайда қаланың тарихи орталығы сақталып, ал экологиялық жағдай жақсарып келеді – бұл мәселерді қалалық билік жақсы шешуде. Сонымен, Алматыда қандай қызықтар бар? Бізбен іріктеліп алынған қаланың көрікті жерлерінің топтамасын ең қызықтыларын өткізіп алмау үшін пайдаланыңыз.

Шымбұлақ
Белсенді демалуды ұнататындар үшін Алматының сыртына бармай-ақ тау шаңғы курортында болуға зор мүмкіндік бар. Шымбұлақ (Чимбулак) қала орталығынан 25 шақырым жерде. Шуақты күндер Шымбұлақ орналасқан әсем Іле Алатауының шатқалдарын тастап кетер емес. Түрлі бағыттар, жаңа үйреніп жатқан және кәсіпқой шаңғышыларға арналған трассалар, сноубортшыларға арналған халф-пайп— бұл жерде әр адам өзіне лайықтыны табады.

Көк-Төбе

Көк-Төбе тауы — қаланың әсем жерлерінің бірі. Теңіз деңгейінен 1100 метр биіктікте қала мен тауларға керемет көріністер ашылады. Көк-Төбеде көркемөнер галереясына, балалар қалашығына, Fast Coaster аттракционына, скалодромға, мини-зообаққа баруға болады. Битлз ескерткішінің қасында суретке түсуді ұмытпаңыздар. Тілектер фонтанының салқынында демалыңыздар. Түскі асты Қазақ үй (Юрта) мейрамханасында немесе шайханада іше аласыздар. Көк-Төбеге арнайы шағынавтобуста, арқанжол арқылы немесе жаяу көтеріле аласыздар.

Медеу спорттық кешені
Орманды таулар арасында Медеу шатқалында, теңіз деңгейінен 1700 метр биіктікте конькимен жүгіру спортына, хоккейге, мәнерлеп сырғанауға және басқа да қыстық спорт түрлеріне арналған Медеу спорттық кешені орналасқан. Бұл әлемдегі ең биік таулы спорттық кешен. Жоғары сападағы жасанды мұз, заманауи мультимедиялық табло, жұмсақ климат, орташа күн белсенділігі – Медеудің айқын ерекшеліктері.

Алмаарасан шатқалы
Алматы қаласының жанында бірден бір көрікті шатқалдардың бірі – Алмаарасан шатқалы орналасқан. Ол Алматыдан небәрі 20 шақырымда теңіз деңгейінен 1750 м биіктікте орналасқан. Алмаарасан шатқалының соңында Үлкен Алматы Өзені орналасқан.

Үлкен Алматы Өзені
Алматыдан оңтүстік бағытта, 30 шақырым жерде, 2500 метр биіктікте жан-жағынан тау шыңдарымен қоршалған әдемі өзен орналасқан. Оның беті ұзындығы 1 шақырым және тереңдігі 40 метр болатын ойпатта айна сияқты жылтырап жатады.